Thailand Open Track & Field 2019 халықаралық турнирі жалғасуда
Таиландта жеңіл атлетикадан Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сілтеме жасап.
Елизавета Матвеева биіктікке секіруден алдына жан салған жоқ. Ол 1.83 метрді бағындырып, өзінің жеке рекордын жаңартты.
Осылайша, Қазақстан спортшылары жеңіп алған алтын медаль саны екеуге жетті. Бұған дейін Мария Овчинникова үш қарғып секіруден жеңімпаз атанған болатын.