Қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов қайтыс болды

27.06.2023 16:58

Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр

prosports.kz

Ауыр атлет Владимир Седовтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv

Қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов өз-өзіне қол салып, бақиға аттанды. 35 жастағы спортшының мәйіті өзі тұратын Достық ауылындағы үйінен табылған. Құқық қорғау органы қызметкерлерінің айтуынша, тексеріс барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

– Қазіргі уақытта өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабында көзделген тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық істі аудандық полиция басшылығы бақылауға алды, – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Әлия Нұрмұханбетқызы

Айта кетейік, Владимир Седов – Қазақстан чемпионаттарының көп дүркін жеңімпазы. Спорттағы айтулы жетістігі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған. Ауыр атлет 2009 жылы әлем чемпионы атанып, алайда допингке байланысты жүлдесін қайтарып берген еді.