«Қайрат» ФК бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

03.09.2024 17:01

Ресейлік маманмен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды

Фото: fckairat.com

Ресейлік маман Александр Кержаков «Қайраттың» бас жаттықтырушысы қызметінен кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Ресейлік маманмен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды. Онымен бірге оның көмекшілері Владимир Казаков пен Руслан Аджинджал да клубтан кетеді. Александр Анатольевичке атқарған жұмысына алғыс айта отырып, мансап жолында одан әрі табыс тілейміз", - деп жазды ресми хабарламада.

Александр Кержаков  «Қайраттың» бас жаттықтырушысы болып мамыр айының соңында келді. Оның жетекшілігімен команда 12 матч өткізіп, 6 рет жеңіске жетіп, 3 рет тең түсіп, 3 рет қарсыластарына есе жіберді.

Оқи отырыңыз: СҚО-да ірі көлемдегі ұрлықтың беті ашылды