|
03.04.2019 | 12:02
1472

Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қай аренада өтетіні белгілі болды

GGG келесі кездесуін өткізу үшін Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасын таңдаған

Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қай аренада өтетіні белгілі болды

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) келесі жекпе-жегін қай аренада өткізетінін шешті, деп хабарлайды tengrinews.kz

LA Times ақпараты бойынша, GGG келесі кездесуін өткізу үшін Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасын таңдаған. Головкиннің DAZN стриминг қызметімен келісімшарт бойынша бірінші жекпе-жегіне ең қолайлы уақыт ретінде 8 маусым аталып отыр.

Бүгін, 3 сәуірде Головкиннің командасы Нью-Йорк штаты атлетикалық комиссиясының өкілдерімен жиналып, MSG аренасында осы мерзімде жұдырықтасу мәселесін талқыламақ. Егер 8 маусым болмаса, келесі нұсқа ретінде 14 маусым, жұма қарастырылады.

Өйткені 15 маусымға Лас-Вегаста Тайсон Фьюридің кездесуі мен UFC-дің жекпе-жек кешін трансляциялау жоспарланған. Мұның алдында Головкин рингке 8 маусымда оралатыны және қарсыласы The Contender реалити-шоуының жеңімпазы, америкалық Брэндон Адамс (21-2, 13 КО) болатыны хабарланған еді.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир