Бұл Эльжананың осы маусымдағы екінші медалі
Испанияның Марбелья қаласында көркем гимнастикадан Гран-при турнирі аяқталып, қазақстандық Эльжана Таниева жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ҚР Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткендей, отандық гимнаст ұршықен жаттығу бойынша қола медаль жеңіп алды. Бұл жаттығуда болгариялық Стиляна Николова топ жарса, оның отандасы Ева Брезалиева күміс жүлдегер атанды.
Айта кетелік, бұл Эльжананың осы маусымдағы екінші медалі. Бұған дейін ол Ресейдегі Гран-при турнирінде күміс иеленген болатын.