Пойызда жанжал шығарған жолаушыға айыппұл салынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
5 қазанда «Алматы- Астана» бағытындағы пойыздан 20-вагоннан 32 жастағы жолаушының шығарылғаны хабарланған болатын.
«Тексеріс барысында ер адамның ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды. Осыған байланысты Көліктегі полиция депаратментіндегілер қоғамдық жерде алкоголь ішкені үшін әкімшілік іс қозғап, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (12 025 теңге) айыппұл салды», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметіндегілер.