Геннадий Головкин Қазақстанға оралды

11.12.2019 20:25

Бұл туралы әйгілі спортшы өзінің әлеуметтік парақшасына жазған

Орташа салмақтағы IBF және IBO тұжырымдалары бойынша әлем чемпионы алдымен анасы тұратын Қарағанды қаласына ат басын бұрмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Еске салайын, жақында Головкин Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбекпен кездесіп, өңірдегі спорттың дамуын талқылаған. Сонымен қатар, осыған дейін ол Италияда болып, «Ювентус» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналдумен жүздескен еді. Бұдан кейін спортшылардың бірігіп бір жобаны қолға алғандары жариялаған болатын. Айта кетейін, отандасымыз соңғы жекпе-жегін қазан айында Нью-Йоркте өткізіп, украиндық Сергей Деревянченконы жеңген болатын.