Қысқы универсиада: Қазақстан тағы бір күміс алды

22.01.2023 17:06

Шорт-тректен 5000 метрге созылған командалық сайыста отандастарымыз мәре сызығын екінші болып қиды

prosports.kz

Дүниежүзілік универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына күміс жүлде түсті, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Шорт-тректен 5000 метрге созылған командалық сайыста отандастарымыз мәре сызығын екінші болып қиды.


Ел намысын Санжар Жанысов, Антон Хван, Әлішер Абулкатимов, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов, Валерий Клименко абыроймен қорғады.


Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 4 күміс және 2 қола бар.