Қазақстандық Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады
mmamania.com
Алғашқы раунд барысында қазақстандық спортшы бір тейкдаун жасап, раундты өз пайдасына аяқтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (13-0) UFC Vegas 30 турнирінде өнер көрсетіп, бразилиялық Мишель Празересті (26-3) жеңді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ге сілтеме жасап.
Бұл айқас Лас-Вегас қаласында өтіп, 26 жастағы отандасымыздың жеңісімен аяқталды.
Бірінші раундта Рахмонов қарсыласын бақылап, әлсіз тұстарын анықтады. Алғашқы раунд барысында қазақстандық спортшы бір тейкдаун жасап, раундты өз пайдасына аяқтады.
Ал екінші раундта Шавкат өте белсенді бастап, қарсыласын қылғындырып тастады. Осылайша ол UFC ұйымындағы екінші кездесуінде жеңіске жетті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
05.09.2026 14:47
Өзіңізге сый жасап үйреніңіз: 5 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал
05.09.2026 12:03
5 қыркүйекте Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
05.09.2026 10:20
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
06.09.2026 11:13
Грек жаңғағы қандай жағдайда зиянды болуы мүмкін
06.09.2026 11:29