Өңір әкімдері кезең-кезеңмен спорт инфрақұрылымын жақсартуы керек
Токио Олимпиадасының нәтижелері бойынша спорт саласындағы жағдайды жеке кеңесте қарау мәселесі туындап отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Қайталап айтамын, бұқаралық және балалар спортымен айналысуы үшін жағдай жасау керек. Өңір әкімдері кезең-кезеңмен спорт инфрақұрылымын жақсартуы керек. Токио Олимпиадасының нәтижелері бойынша спорт саласындағы жағдайды жеке кеңесте қарау мәселесі туындап отыр», – деді Мемлекет басшысы.