«Канело» Геннадий Головкинге тамсанды

13.10.2021 17:30

Ол Головкинге «Ұлы боксшы» деген баға берді

©Las Vegas Review-Journal

Екінші орта салмақта WBC, WBA және WBO чемпионы Сауль «Канело» Альварес (56-1-2, 38 КО) бұрынғы қарсыласы – орта дивизионда IBF және IBO титулдарына ие Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) туралы ойын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

– GGG дегенде ойыңа бірінші келетіні?

– Ұлы боксшы,  деп жауап берді «Канело»  Last Stand Podcast with Brian Custer подкастында сұхбат кезінде.

Головкин және Флойд Мейвезерге қарсы жекпе-жектердің қайсы молырақ тәжірибе бергені туралы сұраққа Альварес нақты бір таңдау жасамай, әр айқаста үйренер дүние көп болғанын атап өтті.