Қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирдің финалына шықты

05.11.2022 17:31

Ол жекелей сында ширек финалға дейін жеткен болатын

ktf.kz

17 жасар қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова Анталияда (Түркия) өтіп жатқан ITF W25 турнирінің жұптық сынның финалына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚТФ-тің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аружан қытайлық Ю-Юн Лимен бірге жартылай финалда қазақстандықтар Жанель Рүстемова - Сандуғаш Кенжебаевамен шеберлік байқасты.

Аружан мен Ли айқын басымдық танытты - 6:1, 6:3.

Ертең олар ресейлік апалы-сіңлілі Золотаревалармен бас жүлдені сарапқа салады.

Аружан жекелей сында ширек финалға дейін жетіп, тартысты матчта сербиялық Наталия Сеничке жол берді - 6:3, 1:6, 5:7.