Тұңғыш рет қазақстандық спортшы үстел теннисінен әлем чемпионы атанды

10.12.2022 17:31

Ол 15 жасқа дейінгі аралас жұптық сында мысырлық Хана Годамен жұптасты

kazspots.kz
Қарағандылық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Тунисте өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық 15 жасқа дейінгі аралас жұптық сында мысырлық Хана Годамен бірлесіп, финалда Тьяго Абиодана мен Марии Берзосты (Португалия/Испания) ұтты. Есеп: 3:0.

Айта кетейік, Алан мен Хана жартылай финалдағы тартысты ойында жапониялық – Такуми Танимото мен Рин Мендені жеңді. Есеп: 3-2.

Алан – үстел теннисінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық. Аланның бапкері – Эльмира Əлиева, Хананікі – Исмаил Хишам.

Жастар арасындағы әлем чемпионаты 11 желтоқсанда аяқталады.