Әлем чемпионатында төрт қазақстандық боксшы қарсыластарын қапы қалдырды

31.10.2021 17:32

Чемпионатқа Қазақстаннан ағайынды Төлтаев және Оралбайлар барды

©ҚБФ

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстаннан барған ағайынды боксшылар алғашқы кездесулерін жеңіспен бастады. Чемпионатқа Қазақстаннан ағайынды Төлтаев және Оралбайлар барды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Кеше Саматәлі Төлтаев 60 келі де Тайландтан келген Хунатип Пиднучті жеңген болатын. Бүгін оның егізі Санатәлі Төлтаев 63,5 келі салмақта молдовалық Василий Чеботарьдан басым түсті. Бес төреші де жерлесіміздің жеңісін мойындады.

Ал Оралбайлардан кеше 92 келідегі Айбек 1/16 финалда польшалық Матеуш Березницкидің осал тұсын тапқан.

Енді Айбек 1/8 финалда Өзбекстан атынан қатысатын этникалық қазақ Мадияр Саидрахимовпен жолығады.

Ал Нұрбек Оралбай 80 келіге дейін салмақта бразилиялық Исаиаса Фильоны жеңді.