Криштиану Роналду футбол тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды

27.12.2022 17:33

Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы (IFFHS) үздік сұрмергендер тізімін жариялады

bugin.kz

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду футбол тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сhampionat.com сайтынан алынған дерекке қарағанда, Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы (IFFHS) үздік сұрмергендер тізімін жариялады.

Есепке ресми халықаралық клубтық жарыстарда (құрлықтық және әлемдік), сондай-ақ ұлттық құрама сапында соғылған голдар ілікті.

Криштиану Роналду 270 голмен көш бастаса, Лионель Месси (235) – екінші, Роберт Левандовски (178) үшінші орында.

Тізімге барлығы мына ойыншылар енді:

1. Криштиану Роналду (Португалия) – 270 гол;

2. Лионель Месси (Аргентина) – 235;

3. Роберт Левандовски (Польша) – 178;

4. Герд Мюллер (Германия) – 137;

5. Неймар (Бразилия) – 136;

6. Карим Бензема (Франция) – 128;

7. Рауль (Испания) – 123;

8. Али Даеи (Иран) – 122;

9. Ференц Пушкаш (Мажарстан) – 122;

10. Луис Суарес (Уругвай) – 121;

11. Златан Ибрагимович (Швеция) – 119;

12. Эдин Джеко (Босния және Герцеговина) – 117;

13. Дидье Дрогба (Кот-д′Ивуар) – 115;

14. Андрей Шевченко (Украина) – 115;

15. Эдинсон Кавани (Уругвай) – 113;

16. Роналдо (Бразилия) – 112;

17. Тьерри Анри (Франция) – 110;

18. Ромарио (Бразилия) – 109;

19. Ромелу Лукаку (Бельгия) – 108;

20. Самуэль Это′О (Камерун) – 105.