Қазақстандық балуан еркін күрестен Әлем чемпионы атанды
inform.kz
Ол әлем чемпионатында 55 келі салмақта ел намысын қорғады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық балуан Дарын Әскербек Италияда өткен еркін күрестен әлем чемпионатының финалында америкалық қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысының тумасы Дарын Әскербек Италияның Рим қаласында өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 55 келі салмақта ел намысын қорғады.
Балуан Хусанбой Усмоновты (Өзбекстан), Арена Серобянды (Армения) жеңіп, жартылай финалда неміс Яннис Ребгольцпен шықты.
Қарсыласынан басым түскен ол финалда америкалық Джексен Патрик Форрестті тіз бүктіріп, әлем чемпионы атанды.
Айта кетейік, еркін күрестен Қазақстан қоржынына соңғы алтын 2013 жылы бұйырған болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00