Кештегі басты кездесу 11-ші раундта мерзімінен бұрын аяқталды
Мексикалық боксшы Сауль Альварес (52-1-2, 35 КО) ресейлік Сергей Ковалевті (34-3-1, 29 КО) ауыр нокаутқа жіберіп, төртінші салмақ санатында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Боксшылар жартылай ауыр салмақ санатында WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белдігіне таласқан жекпе-жек Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) MGM Grand аренасында болды.
«Канело» 11-раундта Ковалевті ауыр нокаутқа түсіріп, WBO белдігін тартып алды.
Альварес кәсіпқой шаршы алаңда 52 кездесуде (35 нокаут) жеңімпаз атанып, бір рет жеңілген, ал екі кездесуді тең аяқтаған. Ковалев 34 кездесуде (29 нокаут) жеңіске жетіп, үш рет жеңілген, сондай-ақ бір кездесуде тең түскен.