Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандардың тұңғыш «Жігер» спорттық фестивалі өтті

28.10.2019 17:36

«Алматы» спорт клубында 700-ден астам спортшы 18 спорт түрімен айналысады

Онда 400-ден аса қатысушы кіші футбол, жеңіл атлетика, шахмат, тоғызқұмалақ, жүзу, үстел теннисі сияқты 9 спорт түрінен сайысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Спорттық дода Алматы қаласы әкімдігінің және дене мүмкіндігі шектелген адамдарға арналған «Алматы» спорт клубының ұйымдастыруымен өтті.

«Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге деген құлшынысы, олардың спортпен айналысып, өздерін қоғамға денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптасыуына спорттың, жалпы жарыстардың пайдасы зор. Осылайша олар өздерінің жігерін шыңдайды», - деді «Дене мүмкіндігі шектелген адамдарға арналған «Алматы» спорт клубының» басшысы Найзабек САҒЫМБАЕВ.

Бүгінде мүмкіндігі шектелген адамдарға арналған «Алматы» спорт клубында 700-ден астам спортшы 18 спорт түрімен айналысады. Оған мүше 23 халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, 70-тен астам спорт шебері байрақты бәсекелерде ел намысын қорғап жүр.