Шавкат Рахмоновтың UFC-дің жаңартылған рейтингідегі орны белгілі болды

12.04.2023 17:39

Рейтингінің тек төменгі жағындағы тізімі өзгерген

t.me/sportilinet

UFC 9 сәуірде таңертең өткен UFC 287 турнирінің қорытындысы бойынша жартылай орта салмақ рейтингінің жаңарған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Рейтингінің тек төменгі жағы өзгерген: Нил Мэгни мен Майкл Кьеза бір сатыға жоғарылап, сәйкесінше 11 және 12-ші орындарға жайғасты. Хорхе Масвидаль Гилберт Бернстан жеңілгеннен кейін екі позицияға төмендеп, 13-ші болып тұр.

Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы - Леон Эдвардс болса, топ үштікті Камару Усман, Колби Ковингтон пен Хамзат Чимаев түйіндеді.

Қазақстан өкілі Шавкат Рахмонов бұрынғыша алтыншы орында қалды.