Универсиаданың ашылу салтанатына 900-ге жуық адам қатысты
4 шілдеге қараған күні түнде Итальияның Неаполь қаласында Бүкіләлемдік жазғы Универсиаданың ресми түрде ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Салтанатты рәсім Сан-Паоло стадионында өтті. Шоу-бағдарламада әлемдік және италиялық классика мен заманауи тенденциялар сабақтасқан. Ашылу салтанатына 900-ге жуық адам қатысты.
Универсиада алауын жергілікті «Наполи» футбол клубының капитаны Лоренцо Инсинье жақты.
Сондай-ақ, ашылу салтанатында Андреа Бочелли ән шырқап, жиын соңы отшашуға ұласты.
Қазақстан атынан Универсиада ойындарына 94 спортшы аттанды. Бүгін біздің құрама спортшылары жарысты бастайды.