Руслан Құрбанов семсерлесуден Қазақстанға тарихи жүлдені тарту етті

27.07.2023 17:46

Әлем чемпионаты Италияның Милан қаласында өтті

baq.kz

Бүгін Италияның Милан қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық құрама көшбасшысы Руслан Құрбанов ширек финалда италиялық Валерио Куомоны 15-12 есебімен ұтты. Алайда жартылай финалда мажарстандық Мате Кохпен болған тартысты айқаста қарсыласқа 10-15 есебімен жол жіберіп, қола жүлдегер атанды.

Екінші жартылай финалда Олимпиада және әлем чемпионы франциялық Ромен Каннон италиялық Давиде ди Веролиден жеңіліп қалды.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы 1/16 айналымда франциялық Янник Борельді (15-14), даниялық Конрад Сейбек Конгстадті (14-13) ұтқан. Оған дейін аустриялық Джозеф Марингерден басым түсіп, үздік 32 спортшының қатарына қосылды.