Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының нәтижесі мәлім болды

15.04.2023 19:49

Құрлық жарысында 22 мемлекеттің атынан 331 спортшы бақ сынады

dknews.kz

Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионатындағы Қазақстан құрамасының нәтижесін мәлім болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

9-14 сәуір аралығында Астана қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионаты өтті. Құрлық жарысында 22 мемлекеттің атынан 331 спортшы бақ сынады.

Еркін күрестен:

4 алтын – Санжар Досжан (70 кг),  Дархан Есенғали (74 кг), Болат Сақаев (79 кг), Азамат Дәулетбеков (86 кг);

2 күміс – Ризабек Айтмұқан (92 кг), Юсуп Батырмурзаев (125 кг);

1 қола – Рахат Қалжан (57 кг).

Жалпыкомандалық есепте – 1-орын.

Әйелдер күресінен:

2 алтын – Жәмилә Бақбергенова (72 кг), Эльмира Сыздықова (76 кг);

3 қола – Марина Седнева (55 кг), Нилуфар Раймова (57 кг), Елена Шалыгина (68 кг).

Грек-рим күресінен:

1 алтын – Ибрагим Магомедов (72 кг);

2 күміс –  Диас Қален (82 кг), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг);

5 қола – Аманғали Бекболатов (55 кг), Мұхамедәли Мамырбек (63 кг), Алмат Кебіспаев (67 кг), Олжас Сырлыбай (97 кг), Әлімхан Сыздықов (130 кг).