Бүгін 23 жасқа дейінгі велошабандоздар арасында Андрей Ремхе чемпион атанды, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі KAZ.NUR.KZ - ке сілтеме жасап.
Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, ол белгіленген 30 шақырымды 36:11.058 секундта бағындырған. Одан кейін қытайлық Жу Цзиньян мен индонезиялық Мұхаммед Энди Ройан келді. Бірнеше күн бұрын аралас командалық сында ұлттық құрама чемпион атанған. Ол кезде Қазақстан құрамасы сапында Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан, Махаббат Үмітжанова, Рината Сұлтанова және Марина Куьзмина жарыс жолына шықты.
Жалпы Районгта сары құрлықтағы 27 елден келген 700-ге жуық велошабандоз ересектер арасындағы 42-ші, жастар арасындағы 29-шы, 11-ші параазия чемпионатында сынға түсіп жатыр. Мұнда Париж олимпиадасына қажет рейтинг ұпайлары сарапқа салынады.
Чемпионат 13 маусымда мәресіне жетеді.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!