Алматыда ХВҚ өңірлік орталығы ашылды

nationalbank.kz
nationalbank.kz
Шараға аймақтағы және әлем елдеріндегі орталық банктің басшылары қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2023 жылғы 9 маусымда Алматыда ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов, басқарушы директоры Кристалина Георгиева бастаған ХВҚ делегациясымен бірлесіп, Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия елдерінде әлеуетті дамыту жөніндегі Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) өңірлік орталығын ашу салтанатын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға аймақтағы және әлем елдеріндегі орталық банктің, халықаралық қаржы ұйымдары мен бірқатар дипломатиялық миссиялардың басшыcы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілі қатысты.

Алматыдағы өңірлік орталық ХВҚ-ның әлемдегі әлеуетін дамытатын 17-орталыққа айналды. Орталық төңіректегі тоғыз елде: Арменияда, Әзірбайжан мен Грузияда, Қазақстанда, Қырғыз Республикасы мен Моңғолияда, Тәжікстанда және Түрікменстан мен Өзбекстанда ХВҚ қызметін үйлестіреді. Орталықтың қызметі құзыретті жетілдіруге, тәжірибе алмасуға, мемлекеттік басқару, бюджет пен ақша-кредит саясаты, қаржы секторын дамыту саласындағы әлемдік үздік тәжірибелерді зерделеуге және қолдануға бағытталады.

"Алматының өмір сапасын әлдеқайда жақсарту үшін нақты белгіленген жоспарлар бар. Мегаполистің стратегиялық тұрғыда сәтті аймақта орналасқанын ескерсек, мұнда инфрақұрылымның дамуы мен сауда, инвестицияның қарқынды жүргізілуіне жағдай жасалғанын байқаймыз. Сондықтан Алматы Кавказ, Моңғолия мен Орталық Азия елдерінен келетін инвесторды қуана қабылдайды. Бұл біз үшін жаңа мүмкіндіктерге ашылған жол деп білемін", - деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

ХВҚ өңірлік орталығын Алматыда ашу Қазақстан мен ХВҚ арасындағы көпжылдық ынтымақтастықтың жемісі саналады.

Оқи отырыңыз: Президент БҰҰ делегациясын қабылдады

Новости партнеров