Адамес өзінің аккаунтында осы жазбаны ретвиттеп: «Мен дайынмын» деген пікір қалдырды
Орта салмақта WBC «уақытша» әлем чемпионы Доминикан Республикасының спортшысы Карлос Адамес WBO титулының иегері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуге келісім берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Адамес жексенбіде британдық Дензел Бентлиді жеңгеннен кейін жариялаған «Qazaq style»-інің жазбасына жауап берді.
«Қалған чемпиондардың барлығы менің 12 раундтан өткенімді көріп, естіді. Олар енді менен қашпайды деп үміттенемін. Бұрын олардың бәрі нокаутқа түсуден қорқатын. Енді оларда нокаутсыз-ақ жеңілуге болады деген үміт пайда болды. Бірақ олар үшін мен бірдеңе дайындап қойдым», - деп жазды Жәнібек желідегі парақшасында.
Адамес өзінің аккаунтында осы жазбаны ретвиттеп: «Мен дайынмын» деген пікір қалдырды.