Елордада шаңғы фестивалі өтіп жатыр

14.02.2021 18:06

Шаңғы тебу жарысы қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше санатқа бөлінеді

elorda.info

Ел астанасында шаңғыдан республикалық фестиваль басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Осымен екінші жыл ұйымдастырылып отырған шаңғы фестиваліне елорда және еліміздің басқа да өңірлерінен арнайы келген 250-дей әуесқой спортшы қатысып жатыр. Шаңғы тебу жарысы қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше санатқа бөлінеді және олар 1,2,3 және 5 шақырымды бағындыруы тиіс.