|
10.08.2022 | 13:09
5089

Бибісара Асаубаева шахмат олимпиадасындағы кемшіліктерді атады

Ол Қазақстан құрамасын айтарлықтай әлсіреуге не себеп болғанын атап өтті

Бибісара Асаубаева шахмат олимпиадасындағы кемшіліктерді атады открытый источник

Бибісара Асаубаева шахмат олимпиадасындағы кемшіліктерді атады. Бұл туралы гроссмейстер, блиц бойынша әлем чемпионы өзінің әлеуметтік желі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Оның айтуынша, бұл - бірінші олимпиадасы. Ол Ченнаидағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының барысы туралы ойын білдіріді.

"Жалғыз ойында тәуекелге бару - әркімнің құқығы, бірақ командалық ойында жеңілмеу маңызды, ол менің қолымнан келді. Мен 11 турдың барлығында ойнадым және «минусқа» кеткен жоқпын. Мойындау керек, кейде өте қиын болды. 3 ойында 39 градус дене қызуымен алыстым", - деді Бибісара.

Шахматшы қыз жинаған тәжірибесінің арқасында командада ойнай алатындығын дәлелдеген. Алайда, әлем чемпионаты кезінде кешіліктер де кездескен.

"Біріншіден, Қазақстанның толық құрамда өнер көрсетпегені дұрыс болмады. Динараның жоқтығы команданы әлсіретті. Оны маңызды шахмат ойындарының қарсаңында жолдастарын тастап кетпеуге көндіруге, тіпті мәжбүрлеуге болатын еді. Өкініштісі, Федерация оның бас тартуына оп-оңай келісе салды", - деді спортшы.

Бибісара Асаубаева Қазақстан құрамасын айтарлықтай әлсіреуге не себеп болғанын атап өтті.

"Команда бапкерсіз болмайды. Мен білмеген жеріңді үйрететін, жігерлендіретін, қолдау білдіретін, ұрсатын жерінде ұрсып алатын нағыз бапкер туралы айтып отырмын. Қазақстанның әйелдер құрамы Ченнаидағы жарысқа дәл сондай бапкерсіз барды. Бізге тағайындалғаны  құраманың барлық мүшелеріне қызығушылық танытпады. Ол тек бір ойыншыны ғана бақылады. Бір өкініштісі, бапкерді жалпы командалық нәтиже аса алаңдатқан жоқ. Егер біз жаттықтырушысыз осындай нәтижемен ойнаған болсақ, команда үшін жанын беріп жаттықтыратын бапкермен қандай жетістікке жетер едік? Ұлттық құраманың осындай олқылықтармен ары қарай ілгерілей алатынына сенімді емеспін. Кемшіліктермен тыңғылықты жұмыс істеу керек. Сол кезде ғана бізді жеңіс тұғыры күтеді", - дедң Бибісара Асаубаева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир