|
27.03.2019 | 13:20
3094

Элизабет Тұрсынбаева Алматыда өнер көрсетеді

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева атақты Денис Тенді еске алуға арналған номерін орындайды

Элизабет Тұрсынбаева Алматыда өнер көрсетеді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Илья Авербухтың «15 лет успеха» мұз шоуына өнер көрсететін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл шоу Almaty Arena сарайында 30 наурызда өтеді.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева атақты Денис Тенді еске алуға арналған номерін орындайды.

«15 лет успеха» мұз айдыны шоуы 30 наурызда Almaty Arena 19:30-те басталады.

Бұл концертте Ресейдің белгілі сырғанаушылары Алексей Ягудин, Роман Костомаров, Максим Маринин, Оксана Домнина, Максим Шабалин, Мария Петрова, Алексей Тихонов, Маргарита Дробязко, Повилас Ванагас, Албена Денкова, Максим Ставиский өнер көрсетеді.

2019 жылы Илья Авербухтың продюсерлік орталығының ашылғанын 15 жыл толады.

Осы уақыт аралығында бұл орталық мұз айдыны шоу индустриясында ойып тұрып орын алды.

Айта кету керек, Жапонияның Сайтама қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлдегер атанған болатын.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир