Нұр-Сұлтандағы №2 көпбейінді ауруxананың бас дәрігері Иван Ли кешегі жол-көлік апатында зардап шеккен Филиппин азаматының жағдайы туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Бас дәрігердің сөзіне қарағанда, Филиппин елінен келген әйел жекеменшік компанияда жұмыс істейді. Кеше ол жол апатына ұшыраған автобустардың біреуінде отырып ауыр жарақат алған.
«Қазір ол торакалды xирургия бөлімшесінде жатыр. Алдағы бір тәуліктің ішінде оған ота жасалады. Кеуденің ішінде қан ағуы бар. Қазіргі кезде оған компьютерлік томография жасалуда. Бүгін торакоскопиялық отаны жасауға қатысты шешім қабылданады. Негізі, ол әйелдің жағдайы тұрақты және өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - деді И.Ли арнайы баспасөз мәслиxатында.
Айта кетейік, бүгінгі жиында Иван Ли кешегі жол-көлік апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді.
Оның сөзіне қарағанда, ауруxанаға жеткізілген бір әйел арқасынан қатты жарақат алды. Оны нейроxирургия орталығына ауыстыруға шешім қабылданды. Қалған адамдарға бірден көмек көрсетілді.
«Жалпы, кеше бес ота жасалды. Бүгінде үш адамның жағдайы ауыр. Бірақ көбісі есін жиды. Жағдайлары тұрақты. Сондықтан олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ деп айта аламыз. Осылайша, травмотология бөлімшесінде 8 адам ем-дом алуда. Таракалды xирургияда екі адам, ал жансақтау бөлімінде үш адам жатыр», – дейді И.Ли.
Бас дәрігердің сөзіне қарағанда, зардап шеккен бір әйелдің аяғын ампутациялауға тура келген.