Дінмұхамед Қуанғалиев шешуші белдесуде Жетісу өңірінен келген Денис Натаровты жеңді
Алматыда жастар мен жасөспірімдер арасында өткен AIGA грэпплингтен Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жарысқа 16-19 жас аралығындағы балалар және 16-17 жастағы қыздар да қатысты.
Дінмұхамед Қуанғалиев шешуші белдесуде Жетісу өңірінен келген Денис Натаровты жеңді.
Грэпплинг – бұл жекпе-жектің басқа түрлеріне қарағанда салыстырмалы түрде беріде пайда болған түрі. Бұл жерде күрес техникасының әр түрі жинақталған, онда қылқындыру тәсілдерін қолдану шектелген. Спорттың бұл түрі бразилиялық джиу-джитсудың, еркін күрестің, жауынгерлік самбо мен дзюдоның ең тиімді техникалары негізінде құрылған.