Асылжан Бектай ауыр атлетикадан Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды

14.10.2022 18:23

Ол 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті

meta-ratings.kz

Қазақстандық зілтемірші Асылжан Бектай Бахрейнде өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тішісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Қоссайыста Асылжан Бектай 362 (165+197) келі көтерді.

Екіншісі - Эмиль Молдодосов (Қырғызстан) - 361 (166+195) келі. Масуд Чатраей (Иран) 358 (162+196) келімен үшінші орынға шықты.