Қазақстандық ММА шебері әлем чемпионатының жүлдегерін нокаутқа түсірді

28.01.2022 18:26

Спортшылар 65,8 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шығу үшін күш сынасты

© CC0

Абу-Дабиде өтіп жатқан аралас жекпе-жектен әлем чемпионатының жартылай финалында қазақстандық Бекзат Жасия мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бұл туралы Қазақстанның біріккен ММА федерациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қазақ спортшысы әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері швед Даниял Шамхаловты нокаутқа түсірді.

Спортшылар 65,8 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шығу үшін күш сынасты.

Жасия қарсыласын ұрып құлатып, соққының астына алды. Шамхаловтың есеңгіреп қалғанын көрген төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.