Сәбина Алтынбекова перзентханадан шықты – видео

11.10.2021 19:16

Танымал спортшы жақында ұлды болды

spread-sports.jp

Жақында сәбилі болған танымал спортшы Сәбина Алтынбекова перзентханадан шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әлеуметтік желіде Сәбина Алтынбекованың перзентханадан шыққан видеосы жарияланды. Бейнежазбада жас ананы жары мен туған-туыстары, сондай-ақ, достары құттықтап қарсы алғанын көруге болады. Жас ата-ананың қуанышын бөлісуге келген жұртшылық Сәбинаға гүл шоқтарын сыйлап, жылы тілектерін арнады. Сонымен қатар, нәрестесін алып қайтқан ерлі-зайыптыларды үй маңында да өуанышты топ күтіп алған.

Желі қолданушылары видеоға қатысты пікірлерін білдіріп, жас ата-ананың құттықтап, "Бақыттарыңыз еселене берсін", "Бақытты болыңыздар. Балаларыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіздер" деп ақ тілектерін жаудырып жатыр. Дегенмен, танымал спортшының перзентханадан шығу сәтін мерекелік шараға айналдырып жібергенін сынағандар да табылды. "Біз сәбилі болсақ, аузы-басымызды тұмшалап, оранып шығамыз, ал бұлар концерт өткізіп шыққандай шығады", - деп жазған кейбір пікір білдірушілер.