Хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан біріншілігі наурызда басталады

13.02.2021 18:31

Онда барлығы бес команда бақ сынайды

inbusiness.kz

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан біріншілігі наурыз айында басталады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Онда барлығы бес команда бақ сынайды. Дүбірлі додада Алматының «Айсұлу», «Жұлдыз», елордалық «Томирис», өскемендік «Торпедо» және Алматы облысының «Барыс» командалары шеберлік байқасады. Ойындар 7 және 11 наурыз аралығында Алматы қаласында болады. Карантин талабына байланысты ойынды тамашалауға жанкүйерлер жіберілмейді. Естеріңізге сала кетелік, шайбалы хоккейден елордадағы халықаралық турнирде Қазақстан жеңімпаз атанған.