Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы УЕФА рейтингінде ТОП-4-ке енді

04.02.2021 18:32

Еуропа елдерінің жаңартылған рейтингі бойынша әзірге 2229 ұпаймен Испания көш бастап тұр

КФФ

Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы УЕФА рейтингінде үздік 4-тіктің қатарынан көрінді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еуропа елдерінің жаңартылған рейтингі бойынша әзірге 2229 ұпаймен Испания көш бастап тұр. Екінші орынға Ресей жайғасса, үштікте Португалия құрамасы. 2229 ұпай жинаған Ұлттық құрама спортшылары 4-ші орында. 

Айта кету керек, футболшыларымыз мұндай жетістікке ЕУРО-2022 іріктеуінің алғашқы матчында Венгрияны 5:0 есебімен жеңгеннен кейін қол жеткізген.