Алматыда тоғызқұмалақтан жарыс өтті

01.08.2022 18:41

Жарыс «Ұлттық мұра» жобасы аясында республикалық деңгейде ұйымдастырылды

Almaty.tv

«Ұлттық спорт мақтанышымыз». Алматыда ашық аспан астында арқантартыс пен тоғызқұмалақтан жарыс өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған қала жастары белсене қатысып, аталған сайыс түрінен бақ сынады. Экология департаменті мен AMANAT партиясы ұйымдастырған іс-шара бүгінде «Ұлттық мұра» жобасы аясында республикалық деңгейде өтіп жатыр.

«Бүгінгі іс-шараны естіп, жұмыстағы жастар қауымы келдік. Мақсатымыз – ұлттық ойынды дамыту. Жарыс өте қызықты өтті. Арқан тартысқа қыздар боп қатысып, 3-орын алдық»,– деді қала тұрғыны Жәмилә Құдайбергенова.

«Бұл іс-шараның мақсаты –  еліміздің ұлылығын ұлықтап, ұлан ғайыр байтақ жеріміздің кеңдігін насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды, мәдениетімізді дәріптеу», – деді AMANAT партиясы саяси жұмыс бөлімінің кеңесшісі Бекмұхан Абат.