Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифингте мәлімдеді
«Қайрат» футбол клубы коммуналдық меншікке берілмейді. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қайрат» - іс жүзінде қаланың игілігі. Елдегі ең көне футбол клубы. Әзірге клуб коммуналдық меншікке берілмейді. Басқа шешімдер болған жоқ. Меншік иесінен өтініштер түскен жоқ. Қала тарапынан біз «Қайрат» балалар-жасөспірімдер мектебін жыл сайын қаржыландырудамыз. Клубтың өзі өмір сүруді және дамуды жалғастыруда және Қазақстан чемпионатына қатысады», – дейді Ерболат Досаев.
Сондай-ақ, Ерболат Досаев егер қаржыландырудың жетіспеушілігі және басқа да мәселелері болса, оны заңнамада белгіленген тәртіппен қарайтын болады.