|
08.08.2021 | 13:45
1311

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа ашық кубогінде жеңімпаз атанды

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс және бір қола жүлде жеңіп алды

 Қазақстандық дзюдошылар Еуропа ашық кубогінде жеңімпаз атанды olympic.kz

Қазақстандық дзюдошылар Ресейде Еуропа ашық кубогінде топ жарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл күндері Ресейдің Оренбург қаласында дзюдодан Еуропа ашық кубогі өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс және бір қола жүлде жеңіп алды.

Ерлер арасында 60 келіде Бақыт Абдусамат пен 73 келіде Асқар Нарқұлов жеңімпаз атанды. Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Абиба Абужақынова мен 66 келіде Тоқтар Үмітәлиев күміске ие болды. 66 келіде белдескен отандасымыз Сұңғат Жұбатқан ел қоржынын қола жүлдемен толықтырды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир