Қазақстандық теннисші ATP чемпиондық кестесінде үздік ондыққа кірді

05.04.2021 18:57

Чемпиондық кестеде әлемнің 1-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович көш бастауда

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик бүгін жаңартылған ATP чемпиондық кестесінде 11-ден 10-орынға көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Чемпиондық кестеде әлемнің 1-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович көш бастауда. Кеше Майами мастерс турнирінің финалында 19 жастағы италиялық Янник Синнерді ұтқан Польша өкілі Хуберт Хуркач 18-ден бірден 5-орынға шықты. Осы айтулы доданың ширек финалында А.Бубликті жеңген Я.Синнер 17-ден 7-сатыға көтерілді. 

Чемпиондық кестеде үздік он теннисші мынадай ретпен орналасты. 

1 (1). Новак Джокович (Сербия) — 2140. 

2 (2). Даниил Медведев (Россия) — 2130. 

3 (3). Андрей Рублёв (Россия) — 1800. 

4 (4). Стефанос Циципас (Греция) — 1540. 

5 (18). Хуберт Хуркач (Польша) — 1395. 

6 (5). Аслан Карацев (Россия) — 1310. 

7 (17). Янник Синнер (Италия) — 995. 

8 (6). Александр Зверев (Германия) — 935. 

9 (16). Роберто Баутиста-Агут (Испания) — 765. 

10 (11). Александр Бублик (Қазақстан) — 630. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.