Жапонияда Денис Тенге арналған фотокөрме өтті

Спутник Казахстан
Спутник Казахстан
Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты аясында D10 World фотокөрмесі наурыздың 20 мен 24 аралығында Жапонияның Сайтама қаласында ұйымдастырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты аясында D10 World фотокөрмесі наурыздың 20 мен 24 аралығында Жапонияның Сайтама қаласында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл Денис Тен Қорының шетелде ұйымдастырған алғашқы көрмесі. Бастаманы Халықаралық мәнерлеп сырғанау федерациясы қолдаған. Сонымен қатар, Қазақстанның Жапониядағы елшілігі де үлкен көмек көрсеткен. Елші Ерлан Баударбек-Қожатаев фотокөрмені тамашалап, әйгілі спортшының анасы Оксана Тенмен кездескен.

«Мұндай бастаманы жапондық жанкүйерлер қауымдастығы жасады. Өйткені, бұған дейін дәл осында көрме Алматы мен Астана қалаларында өткен еді. Келушілер қатары көп, кейбірі тіптен Жапонияның өзге қаласынан келген. Кейбірі көзіне жас алып, спортшының анасына келіп, көрмені өткізіп жатқанымыз үшін алғысын білдірді», - дейді Денис Тен қоры директорының міндетін атқарушы Гаухар Омар.

Көрмеге келушілерге Денистің спорттық шаралардағы фотолары ұсынылған, сонымен қатар мәнерлеп сырғанаушы жұлдыздардың қатысуымен өткен шоудағы спортшының өзі түсірген фотолары қойылған.


Новости партнеров