Нұр-Сұлтанда Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) жаңа президентін сайлау өтті. Бұл қызметке бес адам өтініш білдірген болатын, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Жабық есік жағдайында өткен жасырын дауыс беру нәтижесі бойынша ҚФФ атқарушы комитетінің мүшесі және президент кеңесшісі, сондай-ақ «Шахтер» директорлар кеңесінің төрағасы Әділет Барменқұлов жеңіске жетті.
Дауыс беру құқығына «Қазақстан футбол федерациясы» ҚАА мүшелерінің делегаттары, сондай-ақ ҚФФ атқару комитетінің мүшелері ие болды.Сайлаушылардың жалпы саны 26 адамды құрады.
Барменқұлов 14 дауыс жинап, Берік Қаниевті (11) басып озды. Тағы бір дауыс Дэвид Лорияға берілді.
Бұған дейін ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтхожин конференцияға ФИФА мен УЕФА бақылаушылары қатысатынын мәлімдеген еді.
Үміткерлер тізімінде ҚФФ атқару комитетінің мүшесі және футзалдан «Қайрат» президенті Қайрат Оразбеков, Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы және «Астананың» экс-бас директоры Давид Лория, ҚФФ атқарушы комитетінің мүшесі және балалар-жасөспірімдер футболының атқарушы комитеті мен төрағасы Берік Қаниев, сондай-ақ Қазақстан футбол әуесқойлары лигасының төрағасы футболшы Ерлан Жарылқасов болды.
2018 жылдан бастап ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков болған еді.