Кәсіби боксшы Райымбек Асан Мәскеуде қарсыласын жеңді

30.08.2019 20:31

Бұл Райымбектің кәсіби рингтегі мерзімінен бұрынғы екінші жеңісі

открытые источники

Қазақстандық Райымбек Асан Мәскеудегі бокс кешінде жеңіске жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазақстанның кәсіби боксына» сілтеме жасап хабарлайды.

Мәскеудегі бокс кешінде ол жергілікті боксшы Дмитрий Рахмановты жеңді. Қазақстандың алғашқы үш минутта оң қолымен қатты соққылар жасады. Раунд аяқталғаннан кейін ресейлік айқасты жалғастырудан бас тартты. Бұл Райымбектің кәсіби рингтегі  мерзімінен бұрынғы екінші жеңісі. Бұдан бұрын, осы бокс кешінде тағы бір қазақстандық Ғалым Шағатай титулдық айқаста ресейлікті нокаутқа түсірді.