Марафонның негізгі мақсаты – адам мүмкіндігінің шексіз екенін дәлелдеу
Алматылық марафоншылар 1 тәулікте 100 шақырымды жүгіріп өтпек. Белгілі спортшылар Шыңғыс Байқашев пен Нияз Жанзақов 29 тамызда Қаскелеңнен бастап, Іле-Алатауының көркем жерлерімен Талғар шатқалына дейінгі аралықты 24 сағатта бағындыруды көздеп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар жүгіретін аумақтың 90 пайызы таулы жер. Марафонның негізгі мақсаты – адам мүмкіндігінің шексіз екенін дәлелдеу.
«Спортпен айналысып келе жатқаныма 10 жылдай уақыт болды. Өзіміз қойған межені оңай бағындырамыз деп ойлаймын. Сондай-ақ тау туризмін дамыту үшін де күш саламыз. Халыққа көрікті жерлерімізді көрсетіп, спортқа баулығымыз келеді», – деді спортшы Шыңғыс Байқашев.