Қазақ дзюдошылары Словениядағы турнирде 3 алтын медаль жеңіп алды
Турнирге 27 елден 500-ге жуық дзюдошы қатысып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Словенияда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған сынға 27 елден 500-ге жуық дзюдошы қатысып жатыр. Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық спортшылар 3 алтын, 2 күміс, 4 қола жүлде жеңіп алды.
Бейбітхан Сейфулла (50 келі), Жұбатқан Нұрсұлтан (55 келі), Тынарбай Тілеген (66 келі) чемпион атанса, Әкімбек Қимадинов (50 келі), Ринат Есенғалиевтің (55 келі) еншісінде күміс жүлде бар. Қола медальді Санжар Әли (50 келі), Аслан Лес (60 келі), Жұрқамырза Шүкірбеков (+90 келі) және Алмат Әділет (50 келі) иеленген.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
16.09.2026 20:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
17.09.2026 09:04
17 қыркүйекке арналған валюта бағамы
17.09.2026 09:17
16 қыркүйекке арналған валюта бағамы
16.09.2026 09:37