Бибісара Асаубаева әйелдер арасында Азияның ең үздік шахматшысы атанды

06.08.2022 19:07

Жүлдені 15-ші әлем чемпионы Вишванатан Ананд табыс етті

Ғacebook/Bibisara Asaubayeva

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әйелдер арасында Азияның 2021 жылдағы ең үздік шахматшысы атанды. Бұл туралы спортшы Ғacebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.  

«Кеше Халықаралық шахмат федарациясының (Fédération Internationale des Échecs – FIDE ) марапаттау рәсімі өтті. 15-шi шахматтан әлем чемпионы Вишванатан Ананд маған «Азияның үздік шахматшысы - 2021 жылғы» сыйлығын табыстады. Еңбегімді бағалағандарыңызға рахмет!» - деп жазды ол.

Айта кетейік, Үндістанның Ченнай қаласында Шахмат олимпиадасы өтіп жатыр. Кеше жарыста қазақстандықтар кезекті жеңісіне жеткен болатын.