Қазақстан құрамасы Азия ойындарында үшінші алтын медальді жеңіп алды

28.09.2023 19:08

Ақтық сында олар кувейттік спортшылардан басым түсті

Almaty.tv

Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында ел қоржынына 2 алтын медаль түсті. 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында қазақстандық спортшы Зухра Ирназарова чемпион атанды. Отандасымыз 560 ұпай жинап, Солтүстік Кореядан келген 2 мергенді артта қалдырды. Ал екінші алтынды Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко қанжығаға байлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Спортшылар стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында сынға түсіп, үздік деп танылды. Ақтық сында олар кувейттік спортшылардан басым түсті.

Айта кетейік, бұл – еліміздің ұлттық құрамасының Азиададағы үшінші алтын жүлдесі.

– Эдуард екеуміз жұп болғалы әр жарыста медаль алып келеміз. Шынымен бізді әлемнің мықты жұбы деп айтуға болады. Қарсыластарға келсек, мұндай нәтижені әлем чемпионатында, олимпиада ойындарында болмаса, Азия құрлығында бұрын көрмеппін, – деді Азия ойындарының жеңімпазы Әсем Орынбай.

Оқи отырыңыз: Азия ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті