UFC президенті Дана Уайт Конор МакГрегор Хабиб Нурмагомедов - Тони Фергюсон жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесетінін растады. Нурмагомедов Фергюсонды жеңсе, Хабиб пен Конордың реваншы күзде өтеді, - деп хабаралайды Vesti.kz.
«Хабиб пен Тони Бруклинде жекпе-жекке шығады. Конор жеңімпазбен кездеседі. Ол күткісі келмейтінін айтты, бірақ мен оған не маңызды екенін білмеймін. Рамазан айы Хабиб пен Тони жекпе-жегінен кейін басталады. Конор оның аяқталуын күтеді, сондықтан күз мезгілі туралы айтып отырмыз. Қыркүйек, қазан немесе қараша», - деп жазған «Чемпионат» Уайттың ESPN-ге берген сұхбатына сілтеме жасап.
Нурмагомедов пен МакГрегордың алғашқы жекпе-жегі 2018 жылдың қазан айында өткен. Келесіде Хабиб 2020 жылдың 19 сәуірінде Фергюсонмен кездеседі. Ал МакГрегор 18 қаңтарда октагонға оралды, ол Дональд Серронмен жекпе-жекке шығып, бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!