|
27.02.2023 | 14:13
318

Алматыда «Қалқан-2023» қысқы спартакиадасының жабылу рәсімі өтті

Жарысқа 60 сарбаз қатысты

Алматыда «Қалқан-2023» қысқы спартакиадасының жабылу рәсімі өтті Almaty.tv

Алматыда «Қалқан-2023» қысқы спартакиадасының жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әскери жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер бақ сынады. Олар 3 шақырымға шаңғы тебу, пневматикалық мылтықтан оқ ату, белтемірге тартылу сынды сайыста кіл мықтыны анықтады. Жекелей сында және командалық есепте қатарынан оза шауып, жүзден жүйрік шыққандар марапатталды.  

«Жарысқа 20 аймақтан келген 60 сарбаз қатысты. Олармен бірге жетекшісі келіп отыр. Сондықтан бұл әскери-патриоттық тәрбие саласында жаңа серпін береді деген сенімдемін. Күшті, керемет эмоцияны айтып жеткізу мүмкін емес. Жалпы есеппен 1-орынды СҚО, 2-орынды БҚО, 3-орынды Астана қаласы алды», – деді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейірбек Мендіғалиев. 


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир