Үш күнге созылған турнирге әлем елдерінен 97 ойыншы қатысты
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесіне арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтті. Алматыдағы Балуан Шолақ спорт кешеніне әлемнің 10 елінен жиналған мықтылар өзара бақ сынасып, жүлдегелерлерді анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Үш күнге созылған турнирге әлем елдерінен 97 ойыншы қатысты. Олардың құрамында Қазақстанның намысын халықаралық дәржеде қорғап жүрген белді спортшылар да бар. Жарысты өткізудегі мақсат - дене шынықтыру мен спорттың бұқаралық сипатын арттыру.
«Ұлттық спорттың бұл түріне ден қоюшылар жылдан жылға артып келеді»,- дейді ұйымдастырушалыр.
«Негізі тоғызқұмалақтың жағдайы 10-20 жылда қарастыратын болсақ, күрт жоғарғы деңгейге өсті. Қазір Қазақстан аумағында 200 мыңнан астам әуесқой ойыншыларымыз бар. 9 мыңдай кәсіби спортшымыз бар. Сонымен қатар, ардагер адамдарымыз да әлі күнге дейін тоғыз құмалақты ойнап жүр», – деді Тоғызқұмалақ федерациясының бас хатшысы Серік АҚТАЕВ.
Байрақты бәсекеде ерлер арасында бас жүлдені қызылордалық Бексұлтан Бостандықов иеленді. Екінші орын Қырғыз елінен келген ағайындарымызға бұйырды. Ал, қыздар арасынан 1-орынды шығыс қазақстандық Назель Нұрғалиеваға иеленсе, екінші орынды Нұр-Сұлтан қаласының намысын қорғап келген Гүлнар Базарғалиева қанжығасына байлады.
«Тоғызқұмалақпен 3 сыныптан бастап әуестеніп келемін. Жалпы бұл чемпион болу – менің көптеген жылдар мен дайындығымының жемісі деп білемін. Бұл – өте дәлдікті талап ететін ойын, оны соңына дейін ойнау керек. 9 ойыннан 8,5 ұпай жинадым, соның нәтижесінде 1-орын алдым», – дейді жарыс жеңімпазы Бексұлтан БОСТАНДЫҚОВ.