Қазақстандық спортшылар Бейжіңде алғашқы жаттығуына кірісті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰОК сілтеме жасап.
ҚР Ұлттық Олимпиада коитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін таңертең шорт-тректен ұлттық құрама мүшелері Бейжің мұз айдынында дайындықтарын пысықтады.
Айта кетейік, Олимпиадада шорт-тректен ел намысын Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Ольга Тихонова мен Яна Хан қорғайды.
Бейжің Олимпиадасында шорт-трекшілер бәсекесі 5-16 ақпан аралығында өтеді.
Жарыс кестесі төмендегідей:
5 ақпан
Әйелдер, 500 м, іріктеу
Ерлер, 1000 м, іріктеу
Аралас командалық эстафета – финал B
Аралас командалық эстафета – финал А
7 ақпан
Әйелдер, 500 м – жартылай финал
Ерлер, 1000 м – жартылай финал
Әйелдер, 500 м – финал B
Әйелдер, 500 м – финал А
Ерлер, 1000 м – финал B
Ерлер, 1000 м – финал А
9 ақпан
Ерлер, 1500 м – жартылай финал
Әйелдер, эстафета 3000 м – жартылай финал
Ерлер, 1500 м – финал B
Ерлер, 1500 м – финал А
11 ақпан
Әйелдер, 1000 м – жартылай финал
Ерлер, эстафета 5000 м – жартылай финал
Әйелдер, 1000 м – финал B
Әйелдер, 1000 м – финал А
13 ақпан
Ерлер, 500 м – жартылай финал
Әйелдер, эстафета 3000 м – финал B
Әйелдер, эстафета 3000 м – финал А
Ерлер, 500 м – финал B
Ерлер, 500 м – финал А
16 ақпан
Ерлер, эстафета 5000 м – финал B
Ерлер, эстафета 5000 м – финал А
Әйелдер, 1500 м – финал B
Әйелдер, 1500 м – финал А